Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дархан Қыдырәлі Ақордада Назарбаевқа есеп берді

Опубликовано:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

ууууу
Фото: Ақорда: Instagram

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық Түркі академиясының қазіргі қызметі және алдағы жұмыс жоспары туралы мәлімделді.

Әңгімелесу барысында Қыдырәлі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Халықаралық Түркі академиясының президенті, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалардың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар, Дархан Қыдырәлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің тарихына және тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған бірнеше кітап пен туындыны таныстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787322-darhan-kydyrli-akordada-nazarbaevka-esep-berdi/

pixel