RU
Алматыда күдікті екі жігіт көліктегі сөмкені суға лақтырып, полициядан қашқан
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда күдікті екі жігіт көліктегі сөмкені суға лақтырып, полициядан қашқан

Рассказать Вконтакте

Алматыда граната мен атыс қаруларын алып жүрген жігіттер ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ПД ақпаратына сілтеме жасап.  Заңсыз қару алып жүрген күдікті көлікті жол-патрульдік полицейлерінің «Боран-154» экипажы ұстаған.

ааааа

Көрнекі фото: newsone.ua

Тексеру барысында екі жігіт қолдорбадағы заттарын суға лақтырып, қаша жөнелген.

«Торайғыров көшесінің бойында  «Мицубиси» көлігін тексеру кезінде салондағы екі жігіт қобалжып тұрды.

Жүк салғышты тексеру кезінде екеуі қашып, заттарды өзенге лақтырып жіберді. Күдіктілер ұсталған соң, судағы сөмкеден екі тапанша шықты.

Сонымен қатар, трамватикалық қару мен қолдан жасалған пышақ көлікті тінту кезінде табылды», - деді Алматы қаласы ПД жол патрульдік полициясының инспекторы  Бауыржан Жексенбиев. 

Ал граната дәл сол түні Әуезов ауданында мемлекеттік нөмірсіз жүрген  «Мерседес Бенц-180» автокөлігін тексеру барысында табылған.

 «Ф-1» жаттығу гранатасын заңсыз алып жүрген күдіктінің үстінген ҚР ҚК  287 бабаның 3 тармағы бойынша іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel