Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 101 жастағы әжейге күрделі ота жасалды

Опубликовано:

Қарағандыда бір ғасыр жасаған әжейге күрделі ота жасалды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: vladtime.ru
Көрнекі фото: vladtime.ru: Twitter

Егде жастағы әжеге күрделі отаны Х.Мақажанов атындағы Травматология және ортопедия облыстық орталығының дәрігерлері өткізген.

"Біз оң жақ жамбастағы жіліктің буынын эндопротездеу жасадық. Отаның күрделілігі науқастың жасының 101-де болуына байланысты еді. Негізінде, ота жоспарлы түрде, қандай да бір асқынусыз сәтті өтті.
Қазіргі уақытта науқас бастапқы оңалту курсынан өтуде. Алдағы уақытта біздің стационарымыздағы емдеу аяқталғаннан кейін науқасты қалпына келтіру және оңалту бөлімшесіне ауыстыруды жоспарлап отырмыз», - деді Шұғыл травматология бөлімшесі меңгерушісінің м.а. Павел Салдин.

Қазіргі уақытта 101 жастағы Нұрила Байтасованың жағдайы бір қалыпты. Кейуананың немересінің айтуынша, әжей жамбасын сындырып алғанға дейін еркін жүріп-тұрған. Ол намаз оқып, немерелері мен шөберелеріне қонаққа бара алатын болған.

Дәрігерлердің cөзінше, әдетте мұндай жарақаттар физиологияға, анатомияға және жасына қарай қарияларға тән болады. Мұндай оталар жасалатын емделушілердің орташа жасы 70-тен басталады.

Келесі аптада Нұрила Байтасова үйіне шығарылады. Науқастың туыстарына сақталуы керек талаптар түсіндіріліп, қажетті консультация берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787328-karagandyda-101-zastagy-zejge-krdeli-ota-zasaldy/

pixel