RU
Алматы ломбардынан 95 млн теңге ұрлаған күдікті камераға түсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы ломбардынан 95 млн теңге ұрлаған күдікті камераға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда күндіз ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды. Полицейлердің сөзінше, күдікті қас-қағым сәтте шамамен 95 миллион теңге қолды еткен. Шығын көлемі әлі де анықталып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматы ломбардынан 95 млн теңге ұрлаған күдікті камераға түсіп қалды

Видеодан скриншот

Қара киім киіп, қара көзілдірік таққан қарақшы кассадағы бойжеткенді қолындағы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткен. Сейфті еш кедергісіз ашқызған қаскөй қомақты қаржыны дорьбаға салып, ізін суытқан.

Дегенмен күдікті Алматыдан бой тасалап үлгермеген екен. Тәртіп сақшылары бейне камераның көмегімен қарақшының тұлғасын анықтап, күдіктіні тұтқындаған.

Бұрын сотталған 44 жастағы күдікті Ақмола облысының тумасы екен.

Ер адам мұндай қадамға ақшадан қысылғаннан кейін барғанын жеткізді.

"Бұл қылмысқа жалғыз өзі барған. Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша, жеті жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ол бұрын сотталған азамат. Сондықтан жазасы ауырлауы мүмкін", -деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel