Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздай көрінетін 46 жастағы блогер туралы не білеміз?

Опубликовано:

Австралиялық блогерді көрген жұрт оны 25 жастағы бойжеткен деп ойлайды. Дегенмен оның жасы 46-да. Сұлу мүсінді блогер әлем шарлап, жеке блогын жүргізеді деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына cілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сәнқой австралиялық әйел 46 жасында 20 жастағы қызға ұқсайды.

Даниэль Гринтри саяхаттаулардың арқасында қазіргі таңда мінсіз мүсіннің иесі болып отырғанын алға тартады.

Киррибилли қаласынан шыққан келіншектің үш жыл бұрын жеке блог ашып, инстаграм жұлдызы атанған.

Ол жұбайымен Мальдив аралына жасаған саяхатынан бастап саяхат жайлы тікелей эфирлер жүргізетін болған.

Бұрын Гринтри ханым қаржы маманы әрі менеджер болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда ол бар уақытын саяхаттауға жұмсайды екен. Блогер үнемі күннен қорғайтын крем қолданып жүруге кеңес береді. Сондай-ақ ол бет бояуларымен әуестенбейтінін айтады.

Даниэль жеке парақшасында көздің жауын алатын көгілдір су мен зәулім қонақүйлердің суретін салып, оқырмандарын таң қалдырып тұрады.

Блогердің айтуынша, жасының арқасында ол өзге блогерлерден ерекшеленіп тұрады.

Ол орындайтын жаттығулар кешені тепе-теңдік пен күшке негізделген. Ол тек өзінің салмағымен жаттығады. Одан бөлек блогер жүзу, жүгіру мен йога және пиластеспен айналысады екен. Сондай-ақ әйел косметика мен азық-түлік алардан бұрын құрамын мұқият оқиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787346-kyzdaj-krinetin-46-zastagy-bloger-turaly-ne-bilemiz/

pixel