RU
Головкин маусымда әлем чемпионымен жұдырық түйістіруі мүмкін

Головкин маусымда әлем чемпионымен жұдырық түйістіруі мүмкін

Рассказать Вконтакте

WBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деметриус Эндрейд өзінің кезекті атағын 22 немесе 29 маусым күні қорғауға тиіс. Алайда боксшының жоспарында өзгерістер пайда болды деп хабарлайды Sport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Головкин маусымда әлем чемпионымен жұдырық түйістіруі мүмкін

Фото: Prosports.kz

Деметриустың кезекті қарсыласы WBO рейтингісіндегі алтыншы нөмірлі Мацей Сулецки болуы керек еді. Алайда ESPN-ның хабарлауынша польшалық боксшы Габриэль Росадомен өткен жекпе-жекте оң қолын жарақаттап, Эндрейдпен күресе алмайтын болды.

Осылайша, "әлем чемпионы" атағының иесі қазіргі уақытта бәсекелессіз қалды.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин Деметриус қарсыластарының бірі болып табылады.

GGG де Эндрейд секілді DAZN компаниясымен келісімшартқа отырған, сондықтан да олардың жекпе-жегін ұйымдастыруға еш кедергі жоқ.

Әзірге Геннадийдің жазғы жекпе-жектегі қарсыласы француздық Хассан Ндам Нжикам болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel