RU
Асхат Оразбек сандық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі атанды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Асхат Оразбек сандық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі атанды

Рассказать Вконтакте

Асхат Оразбек сандық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Асхат Оразбек жаңа қызметке тағайындалды

Көрнекі фото: Elitar.kz

Асхат Оразбек 1976 жылы 13 сәуір күні Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қарағандыдағы Е. Букетов атындағы Ұлттық университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы білім және ғылым министрлігі қолданбалы математика институты зертханасының инженері болып бастаған.

Бірнеше жылдар бойы Қазақстан республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік құпиялар мен ақпараттандыру секторының меңгерушісі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Транстелеком» АҚ басшылық қызметтерінде болды.

2017 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан республикасындағы блокчейн дамыту қауымдастығы мен криптотехнологиялар жөніндегі вице-президент болып жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel