Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеден шыққан әнші Рим Папасының қолынан марапат алады

Опубликовано:

Светлана Касьян и Папа Римский
Фото: UGC

Опера әншісі Светлана Касьян Сильвестрдің рыцарь орденімен марапатталады. Жоғары санаттағы марапатты әртіске Рим Папасы өз қолымен табыстайды деп хабарлайды tvkultura-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның ақпаратына сәйкес, салтанатты шара Ватиканда Пасха күндерінің бірінде өтеді.

Бұдан бұрын әнші Италияда бірнеше мәрте өнер көрсетіпті.

Сол уақытта Рим папасының көзіне түсіп, мақтау естіген.

"Менің мақсатым - адамдарға, Құдайға, сұлулыққа қызмет ету", - деді опера әншісі.

Айта кетейік, Светлана Касьян 1984 жылы 24 шілдеде Грузияда туған.

1993 жылы Ақтөбеге Батумиден көшіп келген.

Қаладағы №26 орта мектепте оқыған, одан соң музыкалық колледжге оқуға түскен.

Кейін Светлананы Мәскеу қаласына барып, әлем сахнасына жол тартты.

Әнші Вашингтонда Пласидо Домингоның өзінен тәлім алған.

Қазіргі уақытта Светлана Касьян - халықаралық сахнада өнер көрсететін үлкен театр әншісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1787434-aktbeden-sykkan-nsi-rim-papasyny-kolynan-marapat-alady/

pixel