RU
Ротация және әскери қызметшілердің отбасыларына әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы эксперт пікірін білдірді
Жаңалықтар Пресс-релизы

Ротация және әскери қызметшілердің отбасыларына әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы эксперт пікірін білдірді

Рассказать Вконтакте

"Қазақстан Республикасының Әскери-техникалық мектебі" РМҚК бас директорының орынбасары, әскери-патриоттық тәрбие беру орталығының басшысы, отставкадағы генерал-майор М.С. Нағұманов қызмет бойынша ротация және қызметтік міндеттерін орындау кезінде өмір сүрумен үйлеспейтін сипатта мертіккен және жарақат алған әскери қызметшілердің отбасыларына әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы пікірін білдірді.

Отставкадағы генерал-майор М.С. Нағұманов

Отставкадағы генерал-майор М.С. Нағұманов

Жас жігіт әскери киімді киіп, Қарулы Күштер қатарына кіре отырып, өзін қасиетті және игі іске арнайды. Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, барлық күш-жігерін салады. Өйткені, әрбір ер азамат іс Отан қорғаудағы жоғары мақсаттарға қатысты болған кезде басын белгілі бір қатерге тігуге әзір болуы тиіс.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Өзінің идеологиясының негізгі басымдықтарының бірі азаматтар мен өскелең ұрпақтың тәрбиесін патриотизмдік рухта, елі мен жерін сүйетін, кез келген сәтте оны қорғауға дайын тұратын жастарды көретінін айтты".

Қазақстан армиясының әскери қызметшілері дәл осындай тәрбие алуда.

Бүгінде әскери қызмет өткеру қоғам мен мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады, әскери қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық бет-бейнесіне жоғары талаптар қояды. Келісімшарт бойынша әскери қызметке ерікті түрде орналасатын (кіретін) азаматтарға Отанын қорғау, сондай-ақ әскери қызмет өткерумен байланысты әртүрлі міндеттемелердің кең ауқымын орындау жөнінде жауапкершілік артылады.

Бұл ең алдымен, белгілі бір шектеулер қоятын, әртүрлі жауынгерлік даярлық іс-шараларына қатысу арқылы кәсіби деңгейін арттыру, қызмет барысында мансаптық өсу үшін жоғары лауазымға тағайындалуды, сондай-ақ қызмет бабымен ілгерілеу үшін ротацияны көздейтін әскери қызметшінің мәртебесі.

Әрбір әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасу (кіру) кезінде қызмет бабы бойынша гарнизондарды аралап шығуға тура келетінін біледі. Алайда, соңғы уақытта отандық БАҚ-тың парақшаларына көз жүгіртіп, мен қызмет орнын ауыстырудағы қорқыныш сезімі, ата-аналары балаларын шалғай гарнизондардан "жайлылық аймағы" деп аталатын ірі қалаларға ауыстыруға құштар сияқты дәйектерге тап болдым.

Өз басым Новочеркасск әскери-саяси училищесін тәмамдап, жас лейтенант болып Орта-Азия әскери округіне кеңес-қытай шекарасына жіберілдім. Одан кейін Германия мен Қызыл ту Балтық маңындағы әскери округте Кеңес әскерлері тобында қызмет еттім. Жалпы алғанда, қызмет өткеру барысында Кеңес Армиясының оннан аса әскери гарнизонында қызмет етуге тура келді.

Бізде қызмет өткеру орны мен жағдайды таңдауға мүмкіндік болған жоқ. Біз Отанымыз шақырған жерге барып қызмет еттік және бізді Кеңес Одағының кез келген нүктесіне ауыстыратын.

Ал Қазақстан армиясында қызмет республикамыздың маңымен ғана шектелген және әскери қызметші қандай да бір өңірдің емес бүкіл еліміздің қорғаушысы болып табылады. Сондықтан ротация әртүрлі себептер бойынша, сондай-ақ әскери қызметшінің кәсібилігін арттыру мақсатында қолданылуы ләзім.

Ротация әртүрлі табиғи климаттық және әлеуметтік жағдайларда жауынгерлердің қызмет етуге бейімделу әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде аса маңызды. Себебі, әскери қызметшілерге үнемі таныс жағдайда әрекет ету мүмкіндігі берілмейтіні хақ.

Әскери қызметшілер бір өңірге байланып қалмай, өз өміріндегі елеулі өзгерістерге дайын және ұшқыр болулары тиіс.

Ия, бұл қиын және жайлы емес. Бірақ, бүгінде қолданыстағы заңнама ротацияға жататын әскери қызметшілер үшін барлық қажетті жағдай жасауда.

Атап айтқанда:

  • еліміздің кез келген өңірінде баспанамен қамтамасыз ету немесе оны жалға алу үшін ай сайынғы тұрғын үй төлемдері;
  • қызмет бойынша ауысу кезінде әскери қызметшінің өзіне екі айлық еңбекақы және әр отбасы мүшесіне жалақысының жарты бөлігі көлеміндегі көтерме жәрдемақы төлеу;
  • тұрғылықты жері бойынша әскери қызметшілердің балаларын мектепке дейінгі мекемелерге кезектен тыс қабылдау.

Әскери қызметші Отаны алдында ант қабылдай отырып, антқа адал болуға, оған жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарына төзуге ант етеді. Әскери қызметтің бұл моральдық құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қалыпты жағдай болып қалуы абзал.

Өйткені, әскери қызметші жалпы адамгершілік құндылықтардың басымдықтарына қарамастан, қызмет ету ісіне жан-тәнімен берілуі тиіс. Маңызды сәтте өмірін қатерге тігіп, өз елінің мүддесін қорғауы қажет.

Өз тарапынан мемлекет әскерилердің алдында өз міндеттемелерін толық көлемде орындауы тиіс. Яғни, лайықты ақшалай үлес төлеу, баспанамен қамтамасыз ету, барлық отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету және еңбек өтілі бойынша лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде өмір сүрумен үйлеспейтін сипатта мертіккен, жарақат алған әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне соңғы 5 жылдағы әскери қызметшінің еңбекақысы көлемінде бір реттік ақшалай жәрдемақы, асыраушысынан айырылуы бойынша тұрғылықты жері бойынша жәрдемақы төленетін, сондай-ақ қызметтік баспананы тегін жекешелендіру, баспана болмаған жағдайда оны жеке меншікке сатып алуға ақшалай өтемақы төлеу көзделген әлеуметтік төлемдер мәселесін қозғамауға болмас.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсам, әскери қызмет құрметті әрі қиын. Өзінің өмірін әскермен байланыстыру әрбір адамның қолынан келе бермейтін іс. Себебі, бұл кәсіп емес, бейімділік, жан мен тәннің үйлесімділігі. Өскелең ұрпағымыз осы шындықты ұғынып, Отан қорғау деп аталатын құрметті әрі игі міндетке өздерін сарп етсе, адал және абыройлы қызмет етуі қажет.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel