RU
Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығында өрт шықты
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығында өрт шықты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында ана мен бала орталығынан өрт шығып, 200-ден астам адам эвакуацияланды деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: anamenbala.kz

Фото: anamenbala.kz

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтуынша, 7 сәуір күні сағат 13:50-де "101" пультіне Тұран даңғылындағы ана мен бала орталығындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.

"Ғимараттың "Б" бөлігінде астыңғы қабатта электрқалқан кабелінен от тұтанған. ТЖ аумағы 0,5 шаршы метрді құрады", - деді ол.

Өрт сөндірушілер келгенше аурухана қызметкерлері 200 адамды сыртқа шығарды.

Қызыл жалын сағат 14:04-те ауыздықталып, 14:08-де толық сөндірілді.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

"Оқиға себептері анықталып жатыр. Өрт орнында астаналық төтенше жағдайлар департаментінің 8 жеке құрамы мен 2 техникасы жұмылдырылды", - деді Нұрахметов.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel