RU
Тоқаев денсаулық сақтау саласына бюджеттен 1 трлн 180 млрд теңге бөлінгенін айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев денсаулық сақтау саласына бюджеттен 1 трлн 180 млрд теңге бөлінгенін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі жіті бақылауында екендігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев, фото: Ақорда

Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр.Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1 трлн 180 млрд теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде, ТМККК аясындағы жұмыстар да бар. Дегенмен, бұл жеткіліксіз", - деді Тоқаев.

Қазақстанның президенті өңірлердегі медициналық қызметтерге де тоқталып өтті.

"Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда", - деді ол. 

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel