Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаділбек Жанай: Бұрын қазақша киім кию ұят болатын

Опубликовано:

Қазақша киінуді жеңіл пиарға айналдырушы жандар туралы "Ел аузында" бағдарламасында талқыланды. Белгілі әнші Ғаділбек Жанай бұл жайлы өз пікірін ортаға салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғаділбек Жанай, фото: shazam.com
Ғаділбек Жанай, фото: shazam.com: Facebook

Өнер иесінің сөзінше, ұлттық киім кию бұрын қатты ұят болған.

"Білмеймін неге екенін. Сондай уақыт болды. Қазақша киінсең баяғаны, ескіні көксеп жүрген адам секілді боп көрінетінсің. Әрине, ол дұрыс емес қой. Әр халықтың өз ерекшелігі бар", - деді Ғаділбек.

Әнші ұлттық киім қазақты әлемге танытатын бренд екендігін жеткізді.

"Менің ойымша, Қазақстан әлемге ұлттық дәстүрімен, домбырасымен, ұлттық киімдерімен қызық бола алады", - деді өнер иесі.

Ғаділбектің пікірінше, ұлттық киімнің мәртебесін арттыру өз қолымызда екендігін алға тартты.

"Қымбат шубаны сатып алсақ, оны қымбатсынбаймыз. Ал ұлттық реңкі бар киімдерді алуға келгенде, оны қымбат деп шығамыз. Неге? Ол біздің ұлттық құндылық қой, әрине оның қымбат болуы орынды", - деді ол.

Әншінің пікірінше, ұлттық киімнің бүгінгі заманға лайықталып жасалған түрлері өте аз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1787449-gadilbek-zanaj-bryn-kazaksa-kiim-kiu-at-bolatyn/

pixel