RU
Бішкекте адам тонаған үш қазақстандық азамат ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Бішкекте адам тонаған үш қазақстандық азамат ұсталды

Рассказать Вконтакте

Бішкек полициясы мен арнайы қызмет сарбаздары кісі тонауға қатысы болуы мүмкін Қазақстанның үш азаматын ұстады деп жазады Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: devyatka.ru

Көрнекі фото: devyatka.ru

Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер бас басқарамасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Милицияға 40 жастағы А. И. деген азамат шағым түсірді. Белгісіз біреулер оның 68 мың сомын тартып алып, қашып кеткен. Бұл факті Қырғызстанның қылмыстық кодексі 201 бабы ("Тонау") бойынша тіркелді. Сол күні құқық қорғау қызметкерлері күдіктілер мінген қазақстандық нөмірі бар Toyota Camry көлігін анықтады", — деді ведомство.

Тәртіп сақшылары жеңіл көлікті Аламудун ауданы Ленин ауылынан тапқан. Полициядан қашуға бекінген күдіктілер жол апатына ұшырапты.

Тәртіп сақшылары оқ атқан кезде ішіндегі адамдар көлікті тастап тұра қашқан.

Бірақ олардың бәрі ұсталды.

"Үш күдікті де Қазақстан азаматтары. Біреуі 21-де, екіншісі 28-де, үшіншісі 29 жаста", — деді құқық қорғау қызметкерлері.

Көлікті тінту кезінде Макаров тапаншасының 5 оғы табылған, ал күдіктілердің қалтасынан 920 доллар көлемінде ақша шыққан.

Қазіргі уақытта олар уақытша қамау изоляторына тоғытылып, басқа да қылмысты істерге қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Сіздің реакцияңыз
6
4
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel