RU
Петропавлда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Петропавлда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Петропавл қаласында тоғыз қабатты тұрғын үй өртеніп, 37 адам эвакуацияланды, олардың сегізі балалар деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: vk.com/Типичный Петропавловск

Оқиға орнынан фото: vk.com/Типичный Петропавловск

Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 7 сәуірде орын алған.

"15:34-те өртке қарсы қызмет пультіне Петропавл қаласындағы Батыр Баян көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің өртенуі туралы хабар келіп түсті. Қызыл жалын тоғызыншы қабаттағы балконда тұтанып, көрші балконға ұласқан. Салдарынан 15 шаршы метр аумақ өртке оранды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер автобаспалдақ арқылы 2010 жылғы баланы құтқарды. Сондай-ақ, 37 тұрғын эвакуацияланды, оның ішінде сегізі балалар", - деді ведомство.

Қызыл жалын сағат 16:08-де оқшауланып, 16:11-де толық сөндірілді.

Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің 19 жеке құрамы мен 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel