RU
Полицейлер Алматыда екі ай бұрын жоғалған қыздың мүрдесін әлі таппай жатыр
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Полицейлер Алматыда екі ай бұрын жоғалған қыздың мүрдесін әлі таппай жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз кеткен Анастасия Галееваны іздеу жұмыстарын жалғастыруда деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Су қоймасының түбін тексеруде: Полицейлер Алматыда екі ай бұрын жоғалған бойжеткенді таппай жатыр

Фото: NUR.KZ/Алматы облысы ПД

Іздеу шаралары аясында полицейлер түрлі болжамдарды тексерді. Тіпті "бойжеткен кісі қолынан қаза тауып, денесін тоғандарға тастады" деген болжамды да қарастырған.

"Полицейлер ауқымды іздеу жұмыстарын жүргізді. Төңіректі сүзіп шықтық, жоғалған бойжеткеннің барлық таныстары тексерілді. Ол қайтыс болды деген нұсқа да қарастырылуда.

Тоғанның түбін бірнеше рет сүңгуірлер тексерді. Күні кеше ғана ауа райының қолайсыздығына қарамастан ТЖҚ мен полицейлердің қатысуымен сүңгуірлер ауқымды іздеу жұмыстарын жүргізіп, каналдың түбі мен оның жеке шлюздері мен бірнеше шақырым жағалау тексерілді.

Іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда", - деп хабарлады Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының тұрғыны Анастасия Галеевадан ақпанның тоғызынан бері хат-хабар жоқ. Бойжеткен Талғар ауданында тұратын құрбысының үйіне кетіп, сол күйі із-түссіз кеткен.

Бірнеше күннен кейін бойжеткеннің туыстары полицияға арыз жазған.

Жақындары жоғалған бойжеткеннің аман-есен табыларына сенбейді. Ал оның жолдастары қыздың табиғи өліммен көз жұмғанын, сондықтан олар бойжеткенді Сарыбұлаққа апаратын су арнасына "көміп" тастағандарын мойындап отыр.

Қызды тәртіп сақшыларымен қоса еріктілер де іздестіруде. Алайда осы күнге дейін әлі еш нәтиже жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel