Выйти
RU

Хиджабты келеке еткендері үшін Америка қарулы күштері сот алдында жауап бермек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америка әскерінің ардагер сержанты Сесилия Валдовинос қорғаныс күштерін хиджабқа деген қарым-қатынастары үшін сотқа береді деп хабарлайды Интерфакс сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хиджабты келеке еткендері үшін Америка қорғаныс күштері сот алдында жауап бермек

Фото: abcnews.go.com

Валдовинос исламды 2016 жылы қабылдап, содан бері хиджаб киеді екен.

Қызметтестерімен қиындықтар Ауғанстанға іс-сапармен барған кезде басталған. Оны: "ИГИЛ мүшесі", "Ниндзя" және "Күләпаралы қыз" деген сынды сөздермен мазақ еткен.

Валдовиностың қорғаушысы Майки Файнштейннің сөзінше, бір офицер тіпті оны хиджабын шешуге мәжбүрлеген.

Америка әскерінде діни бас киімдер, ислам хиджабы және сингх шалмасын киюді рұқсат ететін ережелер бар. Ол үшін командирдің рұқсатын алу керек.

Америка әскерінің өкілі Валдовиностың арызы негізсіз екенін мәлімдеді.

Офицер оның шашы жарғыға сай жиналғанын тексермек болған. Ол жай ғана шашын шыттың астына жинауды бұйырып, қайтадан хиджабты киюге рұқсат еткен.

Америка әскері Сесилия Валдовиностың арызын қабыл алды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Хиджабты келеке еткендері үшін Америка қарулы күштері сот алдында жауап бермек