Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таза қан емес": Қазақ тарихшысы Әбдіжаппар сөзіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Елімізге танымал тарихшы, ғалым Жамбыл Артықбаев әнші Әбдіжаппар Әлқожаның қожалар турал дауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа, Жамбыл Артықбаев. Фото: Әншінің жеке парақшасы, "Ел аузында" бағдарламасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Әбдіжаппар Әлқожа, Жамбыл Артықбаев. Фото: Әншінің жеке парақшасы, "Ел аузында" бағдарламасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ғалымның айтуынша, әншінің сөзінде шындық пен шындыққа келмейтін дүниелер бар.

"Бұлардың ерекше топ екенін біз мойындаймыз. Қазақ баласы ерте уақыттан бері құрметтейді. Біздің әкелеріміз ауылымыздағы бір қожаға ерекше қарайтын.

Мал сойсақ, соның терісін "Қожаға апарып бер. Батасын аласың" деп отыратын. Сондықтан да мен қожаларды құрметтейтін ортада өстім.

Бірақ енді "Қаны бұзылады" дегенде, шамасы Әбдіжаппар енді жас жігіт қой. Тілдік қоры да, білімі де шамалы болар.

Бұлардың қандары сонау арабтардан келе жатқан таза қан емес. Айтып отырмын ғой. Оларда түріктік қан бар. Негізгі басым - түріктік қан.
Сондықтан қан бұзылмайды. Бұлардың әлеуметтік статусы бұзылатынын айтуы керек еді. Қара қазақпен араласып кеткеннен кейін, қара қазақ сыйламай қояды деген мағынада айтылуы керек еді бұл сөз", - дейді ғалым Жамбыл Артықбаев .

Сондай-ақ, тарихшы елдің арасында дау тудырған "қара" сөзіне байланысты да пікір білдірді.

"Ал енді қара деген сөзге қараймын, ренжіп жатқан көпшілікті көріп отырмын. Қара деген сөзге ренжитін ештеңесі жоқ. "Қараша халық" деген сөз, "қара халық" деген сөзді баяғы заманнан бері қолданған.

Біздің жырауларымыз, Бұхар жырау, Үмбетей жыраулар қолданған. Ол сөзге өкпелейтіндей, ренжитіндей еш мағына көріп тұрған жоқпын.

Қара деген - көп,үлкен деген мағынада ертеден қолданылып келеді. Қара құрым халық дейміз", - деді тарихшы Жамбыл Артықбаев өз сөзінде.

Айта кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа өз сұхбаты барысында қожалар туралы бар шындықты айтып, елдің сансыз сынына қалған болатын. Оған қоса, белгілі заңгер әншіні айтқан сөздері үшінжауапқа тарту керектігін алға тартқан.

Ел арасында қызу талқыланып, үлкен дауға ұласқан мәселеге қатысты өз пікірін Әбдіжаппар Әлқожа видео үндеу арқылы жеткізбек болған. Өнер иесі өз әрекетін түсіндіріп, шын мәнінде не айтқысы келгенімен бөлісті.

Сонымен қатар, отандық жұлдыздан атышулы сұхбатты алған журналист те елден оңбай сөз естіп жатқанын мәлімдеді. Анна Данченко өзіне жала жабылып жатқанын айтып, барынша өзін ақтап алуға тырысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1787526-taza-kan-emes-kazak-tarihsysy-bdizappar-szine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel