RU
Атамбаев: Менің аузымды жабудың жалғыз амалы - өлтіру (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Атамбаев: Менің аузымды жабудың жалғыз амалы - өлтіру (видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаев Бішкекте жетінші сәуір күні өткен митингке қатысты. Жарты сағат бойы ел алдында сөз сөйлеген саясаткер өз орнын басқан қазіргі президент Сооронбай Жээнбековты аяусыз сынады деп хабарлайды Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алмазбек Атамбаев биыл өзінің 63 жасқа толуын атап өтетінін мәлім етті.

"Мен өзімді сүттен ақ, судан тазамын деп айта алмаймын: Мен қателестім, халықтың алдында кінәлімін. Бірақ, мен нағыз мұсылман ретінде өз кінәмді әрдайым мойындаймын. Өтірік айтпаймын. Себебі, халықты алдап кету мүмкін емес" , - деп ағынан жарылды бұрынғы президент.

Оның сөзінше, ол 30 жыл бұрын қатты байып кетіп, қаланың қақ ортасынан мешіт салу үшін жер сатып алған. Оған қоса, ол қала шетінен де мекемелерді өз иелігіне алған.

"Өмірдің қиындықтарын көрдім. Маған қазіргі таңда, байлық емес, билік керек. Мен Қырғызстанда таза әрі әділ билік болса деймін" , - деді Атамбаев.

Саясаткер қазіргі билік өкілдерінің әділетсіздігінен елінің болашағы үшін алаңдайтынын айтты. Оның сөзінше, Қырғыз билігі бүгінде кінәсіз адамдарды абақтыға тоғытуда.

"Мені де соттап жіберуге тырысып жатыр. Одан да мені атып өлтіріңдер. Мен халқымның қаны төгілмесі үшін өзімді құрбан етуге дайынмын.
Мен алдандым, өтірік айтып қайтемін. Айналаңдағылар Сооронбай сенің досың деп жатса, қалай алданбайсың? Конституцияда президент азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болуы керек екені айтылған. Алайда ол оны керісінше шектеп жатыр" , - деп айтты экс-президент.

Қырғызстандағы жағдайды ушықтырмас үшін Атамбаев қазіргі билікке бұл әрекетін доғару керектігін айтты. Оның сөзінше, бұл жөнінде ашық түрде айтуға елде өзінен басқа адам жоқ.

"Егер қажет болса, бір күні қолыма таяқ алып Ақ үйге барамын. Егер олар бұл әрекетін жалғастыра беретін болса, осы қадамға барамын. Олар Атамбаев қашып кетеді деп үміттеніп жүр. Бірақ, менің аузымды жаптырудың жалғыз амалы - мені өлтіру. Мен түрмеде де үнсіз қалмаспын" , - деді Атамбаев.

Бүгін Бішкекте өткен митинг нәтижесінде, әлеуметтік-демократиялық партияның мүшелері революцияны қабылдады. Құжатта қазіргі мемлекет басшысы қажетті шараларды қолданбаса, тағы да шеру болатыны жазылған.

Сіздің реакцияңыз
0
3
1
0
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel