RU
Қырғызстан мүфтияты желілік маркетинг пен пластикалық отаны харам деп жариялады
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстан мүфтияты желілік маркетинг пен пластикалық отаны харам деп жариялады

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның мұсылмандар діни басқармасының ғалымдар кеңесі бесінш сәуір күні үш пәтуа шығарды деп хабарлайды Сentralasian.org.

Қырғызстанда мүфтият желілік маркетинг пен пластикалық ота жасауды харам деп жариялады

Көрнекі фото: news.tj

Муфтият сайтындағы ақпаратқа сәйкес, №5 пәтуа желілік маркетингпен айналысуға тыйым салады, себебі ол шариғат нормаларына қайшы.

№6 пәтуада "денсаулыққа қатысы жоқ пластикалық операциялар жасау күнә екені" айтылады.

"Туғаннан бар немесе түрлі оқиғалардың салдарынан пайда болған дене кемістіктерін түзеу мақсатында жасалатын операцияларға шариғат рұқсат береді. Бірақ негізсіз тек сұлулық үшін жасалған операциялар күнә болып саналады" делінген мүфтият сайтында жарияланған пәтуада.

№8 пәтуада вакцинация мәселесін әрбір адамның өзі шешсін деп жазылған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel