RU
"Мағжанмен бірге атылар ең": Рахман Омар сахнада жыр орындаған әншіні жылатты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мағжанмен бірге атылар ең": Рахман Омар сахнада жыр орындаған әншіні жылатты

Рассказать Вконтакте

"Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында өнер көрсеткен Мақсат Рахмет сахнада көзіне жас алды. "Алашұлы" тобының әншісі Рахман Омардың сай-сүйекті сырқыратар сөздерін өзінің Instagram парақшасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Жұлдызды додада бақ сынаған әншіге актер оң бағасын берген.

"Айналайын, Мақсат. Сен Мағжан атаңның шығармасын орындадың. Менің таза ойым айтады.

Сен 20-ғасырдың басында өмір сүрсең, сен сол Мағжан ағаңмен, Біләл Сүлеевтермен, Сейфуллиндармен бірге атылатын ең. Менің оған күмәнім жоқ.

Сен мәртсің. Сен адалдықты үлгі тұтқан азаматсың. Атақ үшін емес, абырой үшін өмір сүріп жүрген азаматсың.
Бүгінгі заманның бет-бейнесі, тұлғасы, үлгісі-өзің, айналайын. Біз кейінгі інілеріміз, сіздерден үйренеріміз өте көп. Бақытты бол, керемет",- деді Рахман Омар.

Бұл сөздерді естіген Мақсат Рахмет кеудесін мақтаныш кернеп, көзіне жас келгенін мойындады.

"Өзіме қатысты мынандай сөздер естіп тұрған мен өте бақыттымын! Бұл ездің емес, "Мағжан аталарыңмен бірге атылар едің" деген сөзді естігендегі қуаныштың, ердің жасы!..",-деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз
3
0
2
1
3
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel