Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркектердің әйелдерді естен тандыратын 7 қасиетін білесіз бе?

Опубликовано:

Сырғалылардың көңілінен шығу үшін ер азаматтар әлемдік жұлдыздарға ұқсауға міндетті емес. Әйел адамға тек қамқорлық пен көңіл маңызды деп жазады elle.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Еркектердің әйелдерді естен тандыратын 7 қасиеті
Фото: kick.media: UGC

Ендеше кез келген әйелдің жүрегін жаулап алатын қасиеттер тізімімен таныс болыңыздар!

  • Ол сізді өз жақындарымен таныстырады

Тіпті ол сізді әлі есімін жаттап алмаған жолдасымен таныстырса да, сіз өзіңізді жағымды сезінеріңіз сөзсіз. Әйел адам үшін ең бастысы - екінші жартысының оны мақтан тұтып, халық алдында бірге екендерін жасырмай көрсету.

  • Есік ашып беру

Ғашығыңыз сізге есік ашып берсе, демек, сізге деген көңілі бар. Оған қоса бұл қылықпен ер азаматтың тәрбиелілігін байқауға болады.

  • Сырт киімді киюге көмектеседі

Бұл іс-әрекет көлік есігін ашумен тең. Ер азаматтың сізге қамқорлық жасағаны әрқашан көңілге жылулық сыйлайды.

  • Сіздің мәселелеріңіздің шешімін іздейді

Көліктің майын ауыстыру, сынып қалған ұялы телефонды жөндеп беру, жуынатын бөлменің кранын ауыстыру - егер де ер азамат әйел адам үшін қиынға соғатын осындай мәселелердің шешімін тапса, демек, ол осылайша жауапкершіліктен қорықпайтынын көрсетеді.

  • Себепсіз гүл шоқтарын сыйлайды

Бірге жүргендеріңізге қанша ай, қанша уақыт болса да, маңызды емес. Егер ол себепсізден себепсіз сізге шоқ гүлдер сыйлайтын болса, ол әрдайым сіз туралы ойлап, күн сайын қуантқысы келеді деген сөз.

  • Сіздің отбасыңызбен бірге уақыт өткізеді

Жақын жандармен өткізген уақыт жұптардың ара-қатынасын берік ете алады. Сол себепті өз еркімен сіздің отбасыңызбен уақыт өткізгісі келетін жігіт сіздің жүрегіңізді мәңгілік жаулап алады.

  • Сізді құшақтап ұйықтайды

Ежелгі шығыс даналығы сіз адамға құшақ жайған кезде, құшағыңызбен қатар оған жан дүниеңізді ашасыз дейді. Сол себепті құшақтасып ұйықтағанды ұнататын ер азаматтар әйелдерді өздеріне баурап алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787546-erkekterdi-jelderdi-esten-tandyratyn-7-kasietin-bilesiz-be/

pixel