RU
Байбек Көкжайлау курортының құрылысын кейінге шегеруді ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Байбек Көкжайлау курортының құрылысын кейінге шегеруді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі қоғамдық кеңес жиналысында Көкжайлау шипажайы жобасының құрылысы қайта өңдеу үшін кейінге қалдырылуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Бәйбек Көкжайлау шипажайының құрылысын кейінге шегеруді ұсынды

Фото: Аlmaty.tv

"Туристер көбейгенмен турагенттіктер, мейрамханалар және қонақүйлер саны да артады. Алматыдағы кез келген кішігірім кафе 20-30 шақты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Жұмыс орындар кіші және орта бизнес пен сервисті құрайды.
Туризм ерекше біліктілікті қажет етпейтін сапалы жұмыс орындарын тез арада тудыруға мүмкіндік береді.
Визасыз жүйе, универсиада және ЭКСПО арқасында туризм 40 пайызға артты. Елбасы туризм дамуына көңіл бөлуде", - деді әкім.

Оның сөзінше, таулар - бәселестіктегі біздің басты артықшылығымыз және біз соны пайдалануымыз керек.

"Бүгінде біздің курорттар лық толы. Өткен жылы Медеу мен Шымбұлақ курорттары күніне сегіз мыңға жуық адам қабылдаған. Жыл сайын 2 миллиард доллар табыс табуға болады. Жаңа тұжырымдамаға сәйкес Көкжайлау халықаралық емес, қалалық курорт болмақ. Сырғанау маусымында ғана емес, жыл бойы қызмет ететін болады. Қоршаған ортаға зиянды әсер де төмендетілген. 100 гектар Іле Алатай ұлттық саябағына қайтарылады", - деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің айтуынша, таулық локаяцияларды байланыстыру керек. Туристер алты бөлек курортқа келмейді. Еуропада тіпті екі елді байланыстыратын тау жолдары бар екен.

Кеңесшілер қонақүй салмауды ұсынды. Адамдар келіп, қонақүйге тоқтап, сырғанауға барып, қайта орала алады.

"Қазір жобаны жетілдіріп, әзірге кейінге қалдыруды ұсынамын. Курортты салу керек, бірақ біртіндеп бастаған жөн. Қоғамдық пікірді де ескеруіміз керек. Бар курорттарды дамыту керек", - деді қала басшысы.

Оңтүстік астана басшысы жоба талқылауға салынатынын жеткізді.

"Жобаны жүзеге асырудағы қаржының басым көпшілігі жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл бюджет шығындарын азайтады. Жобаға салынуға тиіс қаражат басқа маңызды қалалық бағдарламаларға бөлінуі керек", - деп баса айтты Бауыржан Байбек.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel