RU
Жорабаева: Оңтүстікте қыздарды дүниеге келгеннен келін болуға тәрбиелейді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жорабаева: Оңтүстікте қыздарды дүниеге келгеннен келін болуға тәрбиелейді

Рассказать Вконтакте

Алтынай Жорабаева оңтүстікте қыздарды кішкентай күнінен бастап келін болуға тәрбиелейтінін жасырмай айтып берді. Әнші өзінен жасы үлкен әйелдің тірлікке ебі жоғын байқап, түннің ортасында анасына алғыс айтқан деп жазады "Асыл арнаның" "Менің анам, менің әкем" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, анасы қызының сөздерінен соң көзіне жас алып, жылап қалған.

"Өзі оңтүстікте қыз баласы дүниеге келгеннен бастап, келін болуға тәрбиелейді. "Сен барған жеріңде мынадай болады. Бізге сөз келтірмеу керексің" деп, бүкіл үй шаруасын жасаған кезде, 2-3 рет көргеннен кейін жұмысты бізге тапсырады.

"Оны білмеймін" деп айтуға хақың жоқ. Өйткені сен оны зейін қойып қарап жүруің керек болды.

Өзім де тұрмысқа шыққаннан кейін екі жылдан кейін бе, достарымыздың үйіне барып қалдым. Жолдасы жұмыста. Әйелі үйде отырған ана. Күндіз балаларының бәрі сабақта, бақшада. Бірақ, үйіне қонаққа барғанда үйінде рет жоқ, ыдыс-аяқтары деген...

Ол кезде мен банка жауып жүрмін. Арасында әнім бар. Сол жайында әңгіме айтып отырсақ, жаңағы келіншек "Оны қалай жасайды?" дейді. Қарап отырсаң, менен егделеу әйел.

Содан үйге келдім де, түнгі 2-де үйге қоңырау шалдым. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Анам тұтқаны көтеріп, "Не болды, айналайын" деп шошып кетті. "Анашым, сізге көп рахмет! Менің өмірімде, әйел баласына қатысты білмеймін деген үй шаруасы жоқ екен. Соның бәрін үйреткеніңізге рахмет" дегенде анам жылап қалған болатын", - деп ағынан жарылды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан біраз уақыт бұрын төрт қызының әкесі Сәбит Әбдіхалықовпен не үшін ажырасып кеткенін ашып айтты.

Әнші тіпті "Өнер мен өмір" бағдарламасында таяқ жеген күндерін де еске алды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
2
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel