RU
Отбасылы жігітті балаларынан айырып, өзіне қаратқан әйел ауыр дертке шалдықты
Жаңалықтар Қоғам

Отбасылы жігітті балаларынан айырып, өзіне қаратқан әйел ауыр дертке шалдықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда үйленген жігітпен көңіл қосып, оны отбасынан айырған келіншек ауыр дертке шалдықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне аталған жанұяның жақын досы айтып берді.

Фото: lady.tut.by

Фото: lady.tut.by

«Серік пен Сұлушаш (есімдері өзгертілді - ред) екі бала тәрбиелеп отырған жарасымды жұп болатын. Алматыға сонау Шығыс Қазақстан облысынан көшіп келіп, пәтер жалдап, күнкөріс қамымен жүрді.

Екеуі де еңбекқор. Сондықтан, үлкен қаланың өміріне тез бейімделіп кетті. Қаннен қаперсіз күн кешіп жатқан жанұяның шырқын сырттан қосылған келіншек бүлдірді.

Серіктен бірнеше жас үлкен әйел айрандай ұйыған отбасының шырайын шығармады. Олардың қалай танысқанынан бейхабармын.
Бірақ сол әйел үйір болғалы бері отбасынан береке кетті. Сұлушаш қанша жерден жанұясын сақтағысы келсе де, Серік өзге әйелмен кете барды», - дейді әңгемелесуші.

Алайда, арада жылдар өткен соң Серікті отбасынан айырып, балаларды тірі жетім атандырған әйелдің ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды.

«Әр нәрсенің де өтеуі бар ғой. Құдайдан қорықпаған адамды түбінде жаза күтері анық.

Екі баласы мен әйелін жылатып, отағасын тартып әкеткен сол келіншектің де бақыт таппағанын естідік кейін. Ол ауыр инсульт алып, бет-ауызы қисайып, ел алдына шыға алмайтындай күйге түсіпті.

Әрине, әркімнің тағдыры әрқилы. Мүмкін, оның бұлай ауыруына себеп жоқ та шығар. Бірақ біреудің бақытын ұрлап, көз жасына қалып, опа таппайтының белгілі», - дейді KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген жанұяның жақын досы.
Сіздің реакцияңыз
2
3
2
11
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel