Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелінің бес жыл бойы өзге еркекпен кездесіп жүргенін білген азамат мұңын шақты

Опубликовано:

Атыраулық тұрғын әйелінің бес жыл бойы өзіне опасыздық жасап жүргенін айтып, жан сырын ақтарды. Ер адам жұбайын қатты жақсы көргендіктен, онымен ажырасқысы келмейтінін алға тартып, ақыл-кеңес сұрауда деп жазады Алаш Айнасы.

Көрнекі фото: despravda.com
Көрнекі фото: despravda.com: Depositphotos

Атыраулық азаматтың жасы 43-те, ал жұбайы 41 жаста екен. Бұл оқиға 2013 жылы басталыпты.

Ер адам теңізде жұмыс істегендіктен, жиі үйінде болмайды екен. Бір демалысқа келгенінде досы оған әйелін бөтен еркекпен көргенін айтқан. Бастапқыда ол шатасқан болар деп, сөзіне сенбеген. Алайда досы әйелінің суретін көрсеткенде сенбеске амал қалмаған.

Үйіне келген азамат ашуға бой алдырмай, бәрін әйелінің өз аузынан естуге бел буған.

"Басында шошыды, не айтарын білмей сасқалақтап қалды. Дегенімен мойындауына тура келді. Олар әлеуметтік желіде танысыпты. Басында бір-біріне сурет жолдап, хат алысып отырған. Суреттерін де жіберген болып шықты", - дейді азамат.

Уақыт өте бұл таныстық кездесумен аяқталған. Екеуі пәтер жалдап, шарап ішкен. Сөйтіп қарым-қатынастары басталған.

Олар араға 1-2 күн салып жалдамалы пәтерде кездесіп тұрады екен.

"Мен оны білгеніме бір жыл болды. Оған ұрыстым, айғайладым. Бірақ әйелімді қатты жақсы көрем. Ол 41-де болғанымен әлдеқайда жас көрінеді. Көңілдесінің жасы 47-де", - дейді алданған ер адам.

Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар. Алайда бұл әйелін тоқтатар емес. Әйелінің көңілдесімен де сөйлескен екен.

"Мен оның көңілдесімен телефон арқылы сөйлесіп көрдім. Ол "әйелің мені жақсы көреді не істе дейсің, мен оны күштеп алып жүрген жоқпын. Бәрі соның қалауымен деді", - деп күйінді кейіпкер.

Әйелін қатты жақсы көретінін айтқан ер адам енді оқырмандардан кеңес сұраған.

"Әйелімді қатты жақсы көремін. Оның да менен кеткісі жоқ. Енді не істерімді білмей басым қатып жүр. Мүмкін оқырмандар ақыл қосар, — деп көпшіліктің ойын білгім келген? Намыс қайда? Еркек емессің бе? деген сөзді басына түспегендер айтпай –ақ қойсыншы. Әйелімді қатты сүйгендіктен, бәлкім арадағы балаларымды қимағандықтан шыдап жүрген болармын. Әйтеуір өз-өзімді түсінбейтін халдемін", - дейді не істерін білмей дал болған азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787572-jelini-bes-zyl-bojy-zge-erkekpen-kezdesip-zrgenin-bilgen-azamat-myn-sakty/

pixel