RU
Мешітті жарғысы келген әскери қызметкер ислам дінін қабылдады (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Мешітті жарғысы келген әскери қызметкер ислам дінін қабылдады (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та зейнет жасындағы бұрынғы сержант Ричард Маккини Индиана штатындағы Манси ислам орталығының президенті болып жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ол ислам дінін насихаттауға бар күшін салып жүр деп хабарлайды Azan.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: azan.ru

Фото: azan.ru

49 жастағы Макканидің сөзінше, кезінде ол мешітті жарып жібергісі келген.

"Көп жандарға сегіз жыл бұрынғы оқиғаны айтсам сенгісі келмейді. Сол жылдары ислам дініне деген жек көрініш сезімім күннен күнге ұлғая түсті. Бірақ жек көру сезімі арқылы ислам дініне келдім. Өйткені сол арқылы менің исламға деген қызығушылығым артты", - деді ол.

Көп жылдар бойы Маккани Таяу Шығыста әскери қызметті атқарған. Бірақ ол арнайы операцияларға қатыспады.

"Сол уақытта мен ешкімге айтқым келмейтін жайттарды көрдім. Менде ол кезге дейін ислам дініне деген жек көру сезімі болмаған. Алайда көп жағдайларға куә болғаннан кейін ислам дінінің жауына айналдым. Таяу Шығыста көрген оқиғаларым осыған себеп болды", - деді бұрынғы сержант.
фото: azan.ru

фото: azan.ru

Маккани араға біршама жыл салып еліне оралады.

Сол кезде әскери қызметкер мешітті жаруға жоспар құрғанын айтты.

Ол теракті жасағаны үшін түрмеге отыратынын білгенімен, бұл оған тосқауыл бола алмаған.

Тіпті өлім жазасы да бұл жоспарына кедергі келтірмеген.

Макканидің жоспарын әйелі сезіп қойып, күйеуі үшін алаңдай бастапты.

Кейіннен құқық қорғау қызметкерлері бұрынғы сержанттан күдіктеніп, оны тергеген. Олар дәлел таба алмағандықтан, босатып жіберіпті.

Кейінірек ол көкейінде жүрген бірнеше сұрақтың жауабын алу мақсатымен мешітке барған.

Онда мұсылмандар бұрынғы сержантты жақсы қарсы алып, жылы қабақ танытқан.

Фото: azan.ru

Фото: azan.ru

Бастапқы кезде ол көп мұсылмандармен бір бөлмеде отыру қиынға соққанын жеткізді.

Бірақ Макканиге ислам дінін ұстанушылармен жақын әңгімелесе бастапты.

Тіпті мешітте бірнеше сағат отыруды үрдіске айналдырған.

Ол араға көп уақыт салмай ислам дінін қабылдауға шешім қабылдады.

С Маккани жергілікті Мұсылман студенттер қауымдастығының президенті болып тағайындалды.

2014 жылы ол Ислам орталығының президенті болды.

Қазіргі уақытта Ричард Маккини Умар Саид есімімен белгілі.

Оның Ислам орталығындағы президенттік өкілеттілігі биыл аяқталғанымен, ислам дініне қызмет етуді жалғастыра бермек.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
35
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel