Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың әжесі дүниеден озды (фото)

Опубликовано:

6 сәуір күні Айдарбековтер жанұясында суыт хабар естілді. Қайрат Нұртастың нағашы әжесі дүниеден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы хабарды әнші, оның жұбайы мен анасы Instagram парақшаларында жариялады.

"Асыл Әжем, жаныңыз жәннатта болғай!",- деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ал Қайрат Нұртас пен анасы өз парақшаларында әншінің әжесін сүйіп тұрған суретімен бөлісті.

"Әжетайым, жаным сол! Мәңгілік жүрегімдесің! Жаныңыз жәннаттан болсын!", -деген Қайрат Нұртас.

Ал продюсер Гүлзира Айдарбекова анасының қазасына қайғырып, Алматыға енді бара жатқанын айтқан.

"Анашым, мен сені жақсы көрем! Ішім күйіп барады, сұм ажал менен сені алып кетті. Жаның жәнәтта болсын анашым! Маматайым менің!

Алматы мен Түркістан қалай алыс еді, қанша жел ұшырғандай ұйтқытып бара жатсам да жете алар емеспін. Әшейінде өтіп кететін уақыт та өтпей тұрғандай, әрбір минутым жылға созылғандай саған бара жатырмын.

Анашым, таң атқанша жолмен жетіп, Алла амандығын берсе, маңдайыңнан бір иіскеп, ақтық сапарыңа шығарып салармын.
Сіздердің дұға-тілектеріңіз талай жамандықтан сақтаушы еді, анашыма жәннәтты тілеңіздерші...Жаным анашым,қиналдың ба екен, мына біздерді қия алмай кеттің бе екен", - деп жазды Айдарбекова.

Желі қолданушылары Айдарбековтер отбасына қайғырып, көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1787582-kajrat-nrtasty-zesi-dnieden-ozdy-foto/

pixel