Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде өлім жазасына кесілгеніңізді көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Кей түстердің шынайы өмірдегі мағынасы түсіңіздегі мағынаға қарама-қайшы болады. Сондықтан түсті тек түс жори алатын адамға жорытқан жөн. KAZ.NUR.KZ оқырмандарына арнап түс жору әзірледі. Түсіңізде өлім жазасына кесілуді қалай жоруға болатынын назарыңызға ұсынамыз.

Түсіңізде өлім жазасына кесілгеніңізді көру не білдіреді?
Көрнекі сурет: pixabay: Facebook

Өлім жазасы өмірлік көзқарасты өзгерту керек деген мағына береді.

Егер түсіңізде бөтен адамға қатал сот үкімі шықса, онда сіз қылығыңыз үшін қатты өкінесіз деген сөз. Сондықтан мұндай түс көргеннен кейін тәубеңізге келіп, жақындарыңыздан кешрім сұраған дұрыс.

Егер отаныңызды сатқаныңыз үшін дарға асылған болсаңыз, онда сіз шешім қабылдай алмай жүргеніңіз. Мұндай түс тезірек шешім қабылдау керегін ескертеді.

Дұшпанңыз дарға асылған болса, бұл жақсылықтың нышаны. Көптен бері шешілмей жүрген мәселе шешіледі және ең бастысы мақсатқа жету жолындағы кедергілер жойылады деген сөз.

Электр орындығында өлім жазасына кесілсеңіз, көп ұзамай денсаулығыңыз сыр береді деген сөз. Егер түсіңізде, электр орындығында жазаланған болсаңыз, қуаныңыз. Дертіңізден арыласыз.

Ал сізді өртеп жіберсе, онда ұзақ уақыт ем қабылдайсыз деген сөз.

Түсіңізде басыңыздан айырылсаңыз, онда көп ұзамай өміріңізде айтарлықтай өзгерістер орын алады. Бірақ бұл өзгерістердің барлығы түс көрушіге оң әсер етеді.

Жұмысыңызды ауыстырасыз немесе жаңа жерге көшіп барасыз.

Керіп, шегелеп тастаса, онда мансабыңыз өседі деген сөз. Жақындарыңыздың арасында беделіңіз артып, туғандарыңыз жетістіктерімен қуантады.

Түсіңізде жазалаушы кейпінде болсаңыз, онда еңбегіңіздің жемісін жейтін уақыт келді деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787584-tsiizde-lim-zazasyna-kesilgeniizdi-kru-neni-bildiredi/

pixel