Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрегінің иесіне бейнебаян арнаған Альбина Шардарова көпшілікті сүйсінтті

Опубликовано:

Альбина Шардарова осыдан біраз уақыт бұрын жұбайына үйлену тойында ән арнаған болатын. Енді әнші "Жүрегімнің иесі" деп аталтын аталмыш туындыға бейнебаян түсіріп, оны халыққа таныстырды. Ал клипте басты рөлді ерлі-зайыптыларың өзі сомадаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Альбина Шардарова, Бауыржан Сатов. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Альбина Шардарова, Бауыржан Сатов. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қазіргі сәтте аяғы ауыр әнші мен күйеуінің жарасымды қылығын көрген көпшілік олардан ақ тілегін аямаған.

"Өте әдемі", "Қандай жарасымды жұп", "Бақытты болыңыздар", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Керемет! Ибалы келін", "Клип өте әдемі", "Альбина өзінің нәзіктігімен баурап алады".
"Бір-біріңізге деген махаббаттарыңыз көздеріңізден байқалады", "Бір-біріңізге ұқсайсыздар", "Бұл әнді көпшілік ұнататын шығар", "Клип те көңілден шықты" деп пікір білдірген желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, жұлдызды жұп өткен жылдың жаз айында шаңырақ көтерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1787601-zregini-iesine-bejnebaan-arnagan-albina-sardarova-kpsilikti-sjsintti/

pixel