RU
Лотореядан 38 млрд теңге ұтып алған ер адам табан астынан байып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Лотореядан 38 млрд теңге ұтып алған ер адам табан астынан байып кетті

Рассказать Вконтакте

Англияның Бостон қаласының тұрғындары лотереядан 76 миллион фунт стерлинг (37,7 миллиард теңге) ұтқаннан кейін, жұмыс істемеу туралы шешімге келді. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Daily Star/YouTube

Видеодан кадр: Daily Star/YouTube

2018 жылы желтоқсанда жеке кәсіпкер Эндрю Кларк (Andrew Clark) ірі ұтыстың иегері атанды.

Сол уақытта ол екі көлік пен үлкен үй сатып алып, жары Трише Фэрхерстке (Trish Fairhurst) жұмыстан шығу туралы ұсыныс айтады.

52 жастағы аурухана аспазы жұмыстан шыққысы келмейтінін, әріптестерін ұятқа қалдырығысы келмейтінін жеткізген.

51 жастағы Кларк ұтып алған қаржының 700 мыңдай фунт стерлингін (347 млн теңге) Porshe, McClaren және Mercedes сияқты қымбат көліктерге жұмсаған.

Оның жары Фэрхэрст өзіне 20 мың фунт стерлингке (9,8 млн теңге) Nissan Qashqai көлігін сатып алған.

Біршама уақыттан соң әйел бақуатты өмірге үйренісіп, жұмысынан шығып кеткен.

"Оның бұл қадамға келуіне үш ай уақыты кетті", - дейді достары.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel