RU
Ақтөбеде адам шошырлық жатақхананың сиқы елді шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде адам шошырлық жатақхананың сиқы елді шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде ит байласа тұрғысыз жатақхананы пана қылып отырғандар биліктен көмек сұрап отыр. 40 жыл бұрын салынған жатақхананың әжетханасы мен жуынатын жері қазір адам шошырлық күйде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жатақхана тұрғындарының айтуынша, олардың көбісі аз қамтылған отбасылар. Сондықтан жөндеу жұмыстарына ортақ ақша жинай алмайды.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Мен бұл үйді 20 жыл бұрын алдым. Қазір бұл жерде тұрып жатқандардың көпшілігі аз қамтылған отбасы. Олар жөндеу жүргізуге 1000 теңгеден де шығарып бере алмайды. Жатақхананың ортақ асханасын кезінде бөлме ретінде сатып жіберген. Қазір онда адамдар тұрып жатыр. Енді жуынатын бөлмені асхана ретінде пайдаланып отырмыз.
Ол жерде ыдыс та, кір де, балалардың горшогы да, мысықты да, аяқ киім де, өзіміз де сол жерде жуынамыз. Бөлме тар болған соң үйімізге су кіргізе алмаймыз. Осы үйді өкпе ауыруымен ауыратындар бар. Жуынатын жерге қақырып кетеді. Амалсыздан аузымызды басып жуынып, қорқынышпен өмір сүріп жатырмыз. Таңертең иістен басымыз айналып тұрады", - дейді тұрғын Айгүл Юсупова.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Рысқұлов көшесіндегі 105 үйдің дәлізіне кіргеннен ылғал иіс шығады. Жатақхананың барлық бөлмесінен де су тамшылап тұр.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Үйден ылғал иіс қатты шығады. Осы жерді ақшаның ыңғайына қарай өткен жылы сатып алған болатынбыз. Дәретхана да, жуынатын жер де ортақ. Ең қиыны үйден су тамшылап тұр", - дейді тұрғын Айнұр Төремұратова.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ал әкімдіктегілер адам шошырлық жағдайдағы жатақхана апаттық жағдайда емес деп отыр. Бөлмелердің жартысын жалға беріп жіберген қожайындары жатақхананы қараусыз қалдырған.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл үй тұрғындары ақша төлегілері келмейді. Олардың пәтер иелері кооперативі алдындағы қарызы 700 мың теңгені құрап отыр. Алдағы аптада жергілікті полиция қызметкерлерімен рейд жұмыстарын жүргіземіз. Пәтер берушілерді анықтап, салық басқармасы шара қолданатын болады.
Бұл үйде тұрғындарының 40 пайызы пәтер жалдап тұрып жатқандар. Дегенмен үйдің жағдайы бақылауда, оны шешу жолдарын қарап жатырмыз. Үйдің қабырғаларының жағдайы жақсы, апатты деп танылмаған. Тұрғындардың өзі үйге салғырт қарайды", - дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Рамазанов.
Сіздің реакцияңыз
4
5
12
6
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel