RU
Игорь Крутой Димаш Құдайберген үшін арнайы ән жазған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Игорь Крутой Димаш Құдайберген үшін арнайы ән жазған

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген тыңдармандарына сүйінші жаңалығын айтты. Әншінің сөзінше, ресейлік композитор өзіне арнап Игорь Крутой жаңа ән шығарып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында Димаш Құдайбергеннің өзі Instagram парақшасында жария етті.

"Ресейдік студияда жұмыс істеудеміз. Жақында сіздерге жаңа ән ұсынамын. Игорь Яковлевич өте керемет дүние дайындап қойыпты. Жақын арада тыңдайтын боласыздар", - дейді әнші.

Ал желі қолданушылары Димаш Құдайбергеннің жаңа әнін асыға күтетінін жеткізді.

"Асыға күтеміз", "Сіздің әндеріңізді тыңдаған сайын жылаймын. Кезекті туындыңызды да күтемін", "Өте керемет", "Сәттілік тілейміз", "Тағы бір мінсіз ән дүниеге келетін болды ғой".
"Өнер әлемінде жолыңыз болсын", "Сізден әрдайым жаңа туындылар күтеміз", "Игорь Крутой мен сіздің біріккен жобаңыздың сәтті шығатыны сөзсіз", "Жарайсыз, Димаш. Шаршамай, әр белесті бағындыра беріңіз" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Димаштың 76 жастағы табынушысы әншінің құрметіне есімін өзгерткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel