RU
Қостанайда ақпанда жоғалып кеткен екі баланың анасы әлі табылмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда ақпанда жоғалып кеткен екі баланың анасы әлі табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Қостанайлық әйел із-түзсіз жоғалып кеткен қызының екі ұлын өзі тәрбиелеп отыр. 30 жастағы Ольга Сальник Әулиекөл ауылынан 28 ақпан күні кетіп қалған. Содан бері екі баланың анасынан еш хабар жоқ деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Бүгінде Ольганың төрт және сегіз жасар екі ұлын анасы Наталья Николаевна тәрбиелеп отыр.

"Менің қызымның бір әдеті бар, ол ішеді. Қазан айында жоғалып кеткен, бір ай бойы таба алмадық. Кейін ол үйге қайтып келді. Ал қазір мен қызымның осынша көп уақытқа өз еркімен кетіп қалуы мүмкін емес деп ойлаймын. Оны бір жерде ұстап отырған сияқты", - дейді анасы.

Ольга тұрмыс құрып, кейін ажырасып кеткен.

"Бәлкім, біреулер "Неге қызыңа дұрыс тәрбие бермедің?" деп айтатын шығар. Бірақ, қазір мен оның табылғанын қалаймын. Зейнетке шығуыма үш-ақ ай қалды. Содан кейін оны емдетуге жіберемін. Ол үнемі ішпейтін. Жақсы ана болды. Бірақ, қатты құлазып кеткен сияқты. Маған балаларға қарау қиын болып жатыр. Оның үстіне 91 жастағы анам бар. Ол да ауырады", - дейді Наталья.

Ольганың анасы қызы туралы естіп-білгендер немесе көргендер болса, хабарласуды сұрайды. Қазір ол полицейлермен тығыз байланыста.

Кез келген ақпарат бойынша 8 702 45 11 525 немесе 102 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel