RU
Байқоңыр прокуроры отырыста болғанын растады

Байқоңыр прокуроры отырыста болғанын растады

Рассказать Вконтакте

Байқоңыр прокуроры Азамат Баянбайұлы мен Байқоңырдағы ІІМ өкілдігінің бастығы Бақытжан Құрақбаевтың үстел басындағы шулы видеосы желіде тарағаннан кейін қызметтік тексеріс басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Бас прокуратура әріптессі Азамат Баянбайұлы қатысқан отырысқа қатысты пікір білдірді.

Видеодағы расымен прокурордың өзі болған. Ал отырыста болғанын ол жоққа шығармаған.

"Қызметтік тексеріс жүргізілуде. Ол сол ортада, туған күнде болғанын жоққа шығармайды. Оны сол жерге шақырған.
Тексеріс барысында оның келіп, құттықтап, 15 минуттан кейін кетіп қалғаны анықталды. Әзірге қызметтік тексеріс жүргізілуде. Содан кейін оның әрекетіне тиісті баға берілетін болады", - дейді бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.
Сіздің реакцияңыз
11
6
1
0
3
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel