RU

Ақтауда банктегі күдікті сөмкеге бола адамдар эвакуацияланды (видео)

Ақтауда "Халық" банкінің ғимаратындағы күдікті сөмкеге бола адамдар эвакуацияланды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Лада».

Ақтауда банктегі күдікті сөмкеге бола адамдар эвакуацияланды (видео)
Скриншот: Видеодан алынған кадрлар: Instagram

Банк тұтынушыларын бөлімшеге белгісіз адам тастап кеткен сөмке шошытып жіберіпті.

Полицияның ақпаратынша, мекемеден адамдар сыртқа шығарылып, күдікті сөмке тексерілген.

Банк келушілерін қорқытқан зат туралы хабарлама 8 сәуір күні таңғы сағат 10:39-да келіп түскен.

Анықталғандай, сөмкенің ішінде құрылыс саймандары болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787690-aktauda-banktegi-kdikti-smkege-bola-adamdar-evakuacialandy-video.html