RU
Өзінен 20 жас үлкен әйелмен көңіл қосқан жігіт жанұясынан айырыла жаздады
Жаңалықтар Қоғам

Өзінен 20 жас үлкен әйелмен көңіл қосқан жігіт жанұясынан айырыла жаздады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны абайсызда отбасынан айырыла жаздады. Ол елудегі әйелмен көңіл қосамын деп, ұятқа қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзінен 20 жас үлкен әйелмен көңіл қосқан жігіт жанұясынан айырыла жаздады

Көрнекі фото: zygmantovich.com

Әскери қызметте жұмыс істейтін жігіт өзінен бірнеше жас үлкен әріптесінің көзіне түссе керек. Алғашында мән бермегенімен, кейін екеуінің арасындағы қарым-қатынас қыза түседі.

Жалғызбасты әйел жас жігітті алдымен тамақтану орындарына шақырып, содан соң үйіне қонақ қыла бастаған. Кейін екеуі қызмет бабымен ғана емес, нәпсілерін қанағаттандыру үшін жиі кездесе бастайды.

Бірақ отбасы мен балаларын ойлаған жігіт бұлай алысқа кетудің жөн еместігін түсініп, жұмыстас әйелге бар жағдайды түсіндіреді.

Жанұясын сақтап қалу маңызды екенін айтып, екеуінің қарым-қатынасын үзу туралы айтады. Алайда, көңілдесінің бұл ұсынысы әйелге жақпай қалған.

Ол жігітті бопсалап, қорқытып, ең аяғында жанұясы мен достарына екеуінің ара-қатынасы туралы бар шындықты жайып салады.

Күйеуінің бұл жүрісінен бейхабар болған келіншек дереу ажырасу туралы шешім қабылдап, сотқа арыз түсіреді.

Осы кезде шын мәнінде басы бәлеге қалғанын түсінген жігіт бар күшін салып, туыстардың араласуымен жанұясын сақтап қалады.

Ал елудегі әйелдің бүгінге дейін осындай істерімен танымал болғандығы кейін анықталыпты.

Сіздің реакцияңыз
32
4
8
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel