Тоқаев өзінің тағы бір кеңесшісін тағайындады
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кеңесшілерінің бірі етіп Бауыржан Омаровты тағайындады деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Жұмаханұлы Омаров Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ержан Бабақұмаров пен Ерлан Қариннің Тоқаевтың кеңесшісі болғаны туралы хабаралаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787692-tokaev-zini-tagy-bir-keessisin-tagajyndady/