RU
Бердібек Сапарбаевтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бердібек Сапарбаевтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласында жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов Telegram-арнасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жансұлтан Сапарбаев. Фото t.me/yyedilov

Жансұлтан Сапарбаев. Фото t.me/yyedilov

Еділовтің жазуынша, кіші Сапарбаев осы жылдың 14 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

28 жастағы Жансұлтан Сапарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Ол 2012-2014 жылдары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де қызмет атқарды.

2015-2016 жылдары "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі – хатшылық басшысы болып тағайындалды.

2016-2017 жылдар аралығында ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болған.

2017 жылы ұлттық экономика министрлігінде басшы ретінде қызметін жалғастырған.

Ал жаңа жұмысқа тағайындалған дейін Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратын басқарды.

Сіздің реакцияңыз
14
1
0
0
3
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel