RU
"Денеміз тітіркеніп кетті": Димаш ресейліктерді тағы таңғалдырды (видео)

"Денеміз тітіркеніп кетті": Димаш ресейліктерді тағы таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның мерекелік ән кешінде өнер көрсетті. Әнші Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен "Любовь, похожая на сон" туындысын орындаған. Әйгелі ресейлік әншінің жеке концертіндегі Димаштың өнер көрсеткен сәті әртістің "Вконтаке" желісіндегі фан-тобында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алла Пугачеваның мерекелік кеші 8 сәуірде "Крокус Сити Холл" кешенінде өтті.

Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен Димаш примадоннаның репертуарындағы "Любовь, похожая на сон" туындысын шырқады.

Ал әншінің өнер көрсеткен сәті "Крокус Сити Холл" залының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

"Ерекше дауысымен таңғалдырған вокалшы @kudaibergenov.dimash және талантты композитор @igor__krutoy "Любовь, похожая на сон" әнін орындауда. Кімнің денесі тітіркенді?", - деді жазба авторы.

Димаштың "Вконтакте" желісіндегі фан-парақшасында оның тыңдармандары таңданысын сөзбен жеткізе алмады.

"Бұл қалай... Қалай??? 25 жастағы бала бұл музыканы қалай сезініп тұр?.. Менің айтарға сөзім жоқ", "Әнді бір деммен тыңдап шықтым", "Керемет орындау", "Денеміз тітіркеніп кетті" деп жазды желі оқырмандары.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
47
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel