RU
Ким Кардашьянға ұқсағысы келген жігіт туралы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ким Кардашьянға ұқсағысы келген жігіт туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Тайлер өзінің құрдастарынан өзгеше екенін бала күнінен сезген. Өмір бойы өзіне көңілі толмай жүрген жасөспірім жазғы демалысқа кетіп, сабаққа Кайра Келли есімді бойжеткен болып қайта оралған деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ким Кардашьянға ұқсағысы келген жігіт туралы не білеміз?

Фото: bigpicture.ru

Кайра Келли 15 жаста. Ол Солтүстік Йоркширкте тұрады.

Бойжеткен америкалық шоу жұлдыздарына еліктейді. Кайра өмірінің біраз бөлігін өзінің кім екенін түсіне алмай өткізген.

Ким Кардашьянға ұқсағысы келген жігіт туралы не білеміз?

Фото: bigpicture.ru

Ким Кардашьянға ұқсағысы келген жігіт туралы не білеміз?

Фото: bigpicture.ru

Тайлер есімді жасөспірім жазғы демалысқа кетіп, қыркүйекте сабаққа Кайра есімді қыз болып қайта оралған.

"Мен айнаға қараған сайын өзімді транымайтынмын. Үнемі алдымда басқа адам тұратындай көрінетін. Мен өзімді көйлек пен белдемшелер киіп тұрғандай елестететінмін", - дейді Кайра.

Тайлер алты жасынан бері өзінің денесіне көңілі толмаған. Ол үйде жүргенде бетіне бояу жағып, биік өкшелі аяқ киіп киіп бастаған.

Анасы Анджела мен өгей әкесі Крис көршілердің өсегіне қалмау үшін баланың мұндай қылықтарына тосқауыл болуға тырысты. Олардың бұл шешімі баланы одан бетер қыспаққа алып, нәтижесінде Тайлер өзін нашар сезгеніп, жиі жалғызсыраған.

Тайлердің айтуынша ол құрдастарымен ойнай алмай, көпшіліктен бөлектеніп жүрген. Бала футбол мен ерлер киімін жек көретін.

Тайлер 11 жасында жақындарына өзінің бисексуал екенін, ал екі жылдан кейін көгілдір екенін мойындаған. Тайлердің анасы балаға мектептен тыс жерде боянып жүруге рұқсат берген. Бірақ бала үшін ол аздық еткен.

2015 жылы Кайра бірінші рет мектепте отырып анасына өзінің көгілдір екенін айтып, хат жазады. Үйіне келген бетте анасы ұлын құшақтап, оны қолдайтынын айтқан. Дәл сол түні бұл жаңалықты Тайлердің әкесі де естіген. Тайлердің айтуынша әкесі барынша түсіністікпен қарап, күтпеген жаңалықты дұрыс қабылдай алған.

Кайраның арманында пластикалық ота жасату да бар. Бүгінде ол мұрнына, ерніне және кеудесіне ота жасатқан. Ол америкалық жұлдыз әрі сәнқой Ким Кадашьянға ұқсағысы келетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
6
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel