RU
Төреғалидің 16 жастағы қарындасы үшінші сыныптан көлік айдайтын болып шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төреғалидің 16 жастағы қарындасы үшінші сыныптан көлік айдайтын болып шықты

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Төреғали Төреәлі 16 жасқа толған қарындасына көлік сыйлаған болатын. Дина Төреәлі "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасында темір тұлпарды үшінші сынып оқып жүргенде тізгіндеп үйренгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал ағасынан қымбат көлікті сыйға алған Дина Төреәлі бүгінде ол темір тұлпарды тізгіндеп жүрмегенін айтады.

Сөзінше, жекеменшік көлігін 18 жасқа толғанда құжат алып барып айдамақшы екен.

"Бірінші сыйлық сол. Оның алдында көлік айдауды білетінмін. Бірақ жекеменшік көлігім сол туған күнде сыйлағаны болды. Барлығына алғысым шексіз. Құжаттарым жоқ. Әлі Алматының көшелеріне шыққан жоқпын. Бұйырса 18 жасқа толғаннан кейін арнайы құжат алып, айдаймын", - дейді Дина Төреәлі.

Сондай-ақ қыз бала темір тұлпарды тізгіндеуді әкесі үйреткенін де атап өтті.

"3-ші сыныбымнан бастап көлік айдаймын. Әкем үйреткен. Сол үшін қорқыныш жоқ. Үйреншікті", - дейді Дина Төреәлі.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі биылғы жылдың ақпанында 16 жасқа толған кенже қарындасына Toyota көлігін сыйға тартты.

Сіздің реакцияңыз
13
1
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel