Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдарды түйенің зәрімен емдейтін емші талай жанды дертінен айықтырған

Опубликовано:

Алматы облысындағы түйе фермасының қожайыны Өтеміс Мақанұлы желмаялардың сүтімен ғана емес, зәрімен де адам емдеп көптің алғысына бөленіп жүр. Бұл туралы Ктк арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

"Түйенің зәрі де дәрі": емші адамдарды дертінен қалай емдейтінін ашып айтты
Фото: видеодан үзінді: UGC

Өтеміс Мақанұлы желмаялардың сүтімен ғана емес, зәрімен де айналысады.

200-ден астам ойсылқараны бағып отырған қарияның қазіргі уақытта түйенің зәрімен емдейтін жеке ауруханасы да бар. Осы уақыт аралығында бірнеше адамдар дертінен айғып кеткен көрінеді.

"Менің көзімді ауырған адамдар ашты. Мен ашқан жоқпын. Оларға рақмет айтамын. Мен елдің сауабын алып отырмын былай айтқанда. Әбден он рет өлшеп, бір рет кестім. Әбден бұған көзім жетті. Бірнеше ауру келді маған", - дейді емші.

Өтеміс мырзаның ауруханасында арнайы мейірбикелік қызметті өзінің жолдасы Мәриям көрсетеді екен.

"Қазір енді ағаңызбен бірге мен емханадамын. Бір Өрікгүл деген әйел төсінен рак ол келіп жазылды. Содан кейін Ержан жаңағы өзінің туған жиенін Марат деген. Денесінің бәрі сап-сары болып кеткен соны әкеп жатқызды. Ол кісі 45 күн жатып, бізден құлан таза жазылып кетті", - дейді Мәриям ханым.

Түйе зәрімен емделіп кеткендердің қатары мұнымен шектелмейді. Желмаяның зәріне зерттеу жүргізген мамандар ауруға қарсы антибиотиктің барын анықтаған.

Емшінің айтуынша, түйе зәрін алудың жалғыз жолы бар екен. Ол үшін таңғы 5-те ойсылқараларды бір-бірден тұрғызып, тосып алу керек. Әр түйе 1-1,5 литр зәр беретін көрінеді. Келген науқастарға қатаң тексеру де жүргізіледі.

"Алдымен оның выпыскасын сұраймыз. Маған звондайды мен айтамын айналайын, келген соң мына выпыскаңды көрсет. Выпыскасыз сен келме. Мүмкін ол жұқпалы ауру шығар", - дейді Өтеміс мырза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787736-adamdardy-tjeni-zrimen-emdejtin-emsi-talaj-zandy-dertinen-ajyktyrgan/

pixel