RU
Туған ұлын ұрды деп айыпталып жатқан әке сот залында көзіне жас алды
Жаңалықтар Қоғам

Туған ұлын ұрды деп айыпталып жатқан әке сот залында көзіне жас алды

Рассказать Вконтакте

Алматыда Мұрат Асқар-оғлыға байланысты сот отырысы жалғасуда. Ер адам өз ұлын қасақан өлтіруге оқталды деп айыпталуда. Алайда ол кінәсін мойындаудан бас тартып, өзін босатуын сұрады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: КТК

Видеодан кадр: КТК

Алматыда сот отырысы өтті. Тыңдау кезінде ер азамат бірнеше рет қайталап, өзінің ұлын ұрмағанын айтты.

Прокурор айыптау актісін оқығанда тіпті, Мұрат Асқар-оғлы көз жасына ерік берді.

"Мұны мен жасамадым, мұндайға қолым бармайды. Мен өз балаларымды жақсы көремін. Мен балаларын жақсы көретін адаммын. Мен қаңғып жүрген жануарларды тамақтандырғанмын. Сонда мен өз балама қол көтереді деп ойлайсыздар ма?", - деді ол.

Асқароғлы мен оның адвокаттары сотқа алқабилердің қатысуын сұрады, сондай-ақ оны соттың талқылауы кезінде үй қамағымен босатуды сұрады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 16 тамызында жол бойынан шалажансар күйде табылған бала оқиғасы барша қазақстандықтарды дүр сілкіндірген болатын.

Көпшілік оны белгісіз көлік қағып кетті деп болжаған. Алайда, кейін тәртіп сақшылары оқиғаға күдікті ретінде оның әкесін ұстаған еді.

Бейнежазбада азамат сол күні не болғанын толық айтып берген.

Ал ауруханадан шыққан балақай өзін әкесі ұрғанын жоққа шығарды.

Туған баласын таспен ұрды деп айыпталған Мұрат Асқароғлы да өзіне тағылған айыппен мүлде келіспейтінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel