RU
Ата-анасы бақуатты отбасымен құда болғысы келетін ару жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Ата-анасы бақуатты отбасымен құда болғысы келетін ару жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Алина есімді бойжеткен өзі таңдаған жігітке ата-анасының қарсы екенін, оған үйлендіргісі келмейтінін айтып, жұрттан кеңес сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Миллионерге шығасың!": бойжеткен анасының бақуатты отбасымен құда болғысы келетінін айтты

Фото: estestherapy.com

Бойжеткеннің айтуынша, жігітімен кездесіп жүргеніне екі жылдың жүзі болған.

Осы уақыт аралығында қыз ата-анасына сүйіктісі жайлы жақ ашпаған. Себебі анасы өмір бойы қызының бақуатты отбасына келін болып түскенін қалаған екен.

"Мен Айдарды алғаш көргеннен ұнаттым. Оған деген сезімім пәк. Ол да мені шын жүрегімен сүйеді, ең бастысы - сыйлайды. Біздегі басты мәселе - менің ата-анам. Олар менің жағдайы жоқ жігітпен сөйлесіп жүргенімді білсе, бұл қарым-қатынасқа нүкте қоятынын сездім.
Себебі ата-анам балаларының жарқын болашағы үшін еңбек етіп, біраз дүние жинаған. Жағдайымыз өте жақсы. Анамның ендігі бар арманы - мені дәулетті отбасыға ұзату еді. Сол себепті осы уақытқа дейін тіпті анама Айдар туралы тіс жармаған едім", - дейді бойжеткен.

Айдар Алинаға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған күні қыздың ата-анасы бар шындықты білген. Арманының көкке ұшқанын ұққан ана ғашықтардың арасына араша түскен.

"Айдардың жалақысы жақсы, астында көлігі бар. Тек баспанамен қиналатынымыз анық. Бірақ шыдасақ, бәріне де жетеміз деп сенемін. Тіпті Айдардың болашақта үлкен жетістіктерге жететініне де шүбәм жоқ. Алайда ата-анамды сендіре алмаймын ғой. Анам: "Жалаң аяқ жігітке тұрысқа шығуды тіпті ойлама. "Тең-теңімен" деген бар. Миллионерге шығасың! Мен сені қаланың жалдамалы пәтерлерінде өмір сүрсін деп өсіргенім жоқ" деп шорт кесті", - дейді ол өз сөзінде.

Кейіпкердің айтуынша, ол екі оттың арасында қалған. Ешқашан ата-анасына сөз қайтарып көрмеген ару оларды қалай көндіруге болатынын ойлап, бас қатыруда.

Екінші жағынан сүйіктісінің көңіліне қаяу түсіргісі келмейді екен.

"Айдармен бақытты болатынымды сеземін. Мен үшін ең бастысы дүние емес. Бірақ Айдар болашақта күнімізді басқаларға қаратпау үшін көп еңбектеніп, жақсы өмірге ұмтылуға уәде етті. Маған басқа не керек?
Ата-анамның да, туған туыстарымның да менен көңілі қалды. "Сонша оқыған-тоқыған, ел көрген сендей қыз жағдайы жоқ жігітке шыға ма? Ата-анаңды жерге қараттың ғой" деп отыр. Оларға қалай дес беремін?", - дейді елордалық бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
11
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel