RU

Тоқаев бүгін Қазақстан халқына үндеу жолдайды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына үндеу жолдайды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:qazaquni.kz
Фото:qazaquni.kz: Depositphotos
"Бүгін, 9 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, күні кеше Тоқаев Ақордада парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева, премьер-министр Асқар Мамин, Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми және парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен бастаған лауазымды тұлғалармен кездескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1787770-tokaev-bgin-kazakstan-halkyna-ndeu-zoldajdy.html