RU
Сапарбаев әкімдікте істейтін ұлы жайлы: Жақсы жұмыс істесе, мансабы әкесінікі сияқты болады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сапарбаев әкімдікте істейтін ұлы жайлы: Жақсы жұмыс істесе, мансабы әкесінікі сияқты болады

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев таяуда ғана Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған ұлына қатысты пікір білдірді. Шенеунік Жансұлтанның мансабына мүлде араласпайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сапарбаев әкімдікте істейтін ұлы жайлы: Жақсы жұмыс істесе, әке жолын қуады

Бердібек Сапарбаев. Жансұлтан Сапарбаев Фото:Azh.kz/yyedilov

Тілшілер тарапынан Бердібек Сапарбаевқа ұлының жылдам өскен мансабы жайында сұрақ қойылды.

"Ұлыңызды Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Университетті бітіргеннен кейін ол тез көтеріліп кетті. Бұған қатысыңыз бар ма? Бәлкім, оны ұсынған боласырсыз?", - деп сұрады үкіметтегі баспасөз мәслихаты кезінде журналистердің бірі.

Бұған министр күлімдеп, Қазақстан конституциясы ұлына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салмайтынын мәлімдеді.

"Ұлым, Қазақстан азаматы ретінде, Конституция бойынша бұған құқылы. Бұл оның таңдауы, ол дербес тұлға. Оның мансабына араласпадым. Ондай әдетім жоқ.
Ол мемлекеттік қызметті таңдады - жарайды. Қалғаны оның жұмысына байланысты. Жақсы жұмыс істесе, мансабы әкесінікі сияқты болады", - деп жауап қайтарды Сапарбаев.

Еске сала кетейік, Жансұлтан Сапарбаев 1991 жылы дүниеге келген. 28 жасында ол Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол елордадағы Сарыарқа әкімінің аппаратын басқарған еді.

Сіздің реакцияңыз
18
1
1
1
3
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel