RU
Жігер Ауыпбаевтың орамалды қыздарға арналған бейнебаяны қызу талқыға түскен

Жігер Ауыпбаевтың орамалды қыздарға арналған бейнебаяны қызу талқыға түскен

Рассказать Вконтакте

Жігер Ауыпбаев ел арасында қызу талқыға түскен "MashAlla" әнінің бейнебаянына қатысты тың мәліметпен бөлісті. Әнші бұл туындысын діни бағыттағы қыздарға қолдау ретінде түсіргенін айтты деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Негізі менің бұл жердегі басты мақсатым, түпкі ойым орамал таққан қыздар қазіргі қоғамға сіңісіп кете алмай жатыр. Бір кездері орамалды шешу деген сияқты тақырыптар да шығып кетті. Мемлекеттік орындарында, жұмыс орындарында ондаймен жүрмейді деген сыбыстар да шығып жатты.
Негізінде орамалды монахтар да тағады, христиан дініндегі әйелдер де тартып жүреді. Жалпы мен кішігірм қолдау болсын деп осы бейнебаянды шығарғанмын" , - деді Ауыпбаев.

Сонымен қатар әнші клипін телеарнадан көрсетпей қоя ма деген қорқынышы болғанын да жасырмады.

"Ол бейнебаянды мен негізінде каналға алмай қою мүмкін деп қорқып, осындай нәрселер қостым. Жаңағы шаш боялған, биледім оның ішінде ойыма келгенді істедім" , - деді әртіс.
Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel