RU
Колумбиялық жанкүйер қайтыс болған досының мәйітін стадионға алып келді

Колумбиялық жанкүйер қайтыс болған досының мәйітін стадионға алып келді

Рассказать Вконтакте

Футболдан колумбиялық "Кукута Депортиво" клубының жанкүйері стадионға қайтыс болған досының мәйітін табытқа салып алып келді деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Twitter желісінде True Faith басылымының журналисті Джон Милтон жазды.

"Матчқа бір күн қалғанда қайтыс болған 17 жастағы Кристофер Джейком сүйікті командасының ойынына "табыттың ішінде жатып" қатысты. "Кукута" ұтылып жатқан болатын, табыт трибунаға шыққан соң, футболшылар есепті теңестірді", - деді ол.

Табытпен футболға бару үшін жанкүйерлер қайтыс болған Джейкомның жақындарынан рұқсат алыпты.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға 11 ақпан күні Испанияда орын алды. "Алавес" футбол клубының жанкүйерлері сүйікті командасының ойынына табыт алып келді.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel