RU
Командасы ұтылып қалған футболшы көз жасын тыя алмады (видео)
Жаңалықтар Спорт

Командасы ұтылып қалған футболшы көз жасын тыя алмады (видео)

Рассказать Вконтакте

Испаниялық "Вильярреал" клубының ойыншысы Санти Касорла командасының сәтсіз көрсеткіштерінен соң жылап жіберді. Танымал футболшы өнер көрсетіп жүрген клуб негізгі лига тізімінен шығып, деңгейі төмен дивизионға өтуге аз қалған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Испания футбол чемпионатының аяқталуына сегіз ойын қалған шақта бар болғаны 18-ші орынды иеленген "Вильярреал" екінші лигаға түсіп қалуы әбден мүмкін.

Бұл жағдай команданың басты ойыншысы Санти Касорлаға қатты әсер етсе керек. Футболшы кезекті ойыннан кейін, стадион ішінде көз жасына ерік берген.

Видеодан тіпті оны клуб қызметкері де жұбата алмағанын аңғаруға болады.

Анықталғандай, бейнежазба "Вильярреалдың" "Бетис" командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалғанына кейін түсірілген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel