RU
"Астана" теміржол вокзалы "Нұр-Сұлтан" болып өзгертілді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Астана" теміржол вокзалы "Нұр-Сұлтан" болып өзгертілді (фото)

Рассказать Вконтакте

Елорданың ескі теміржол вокзалының атауы өзгертілді. Енді оның ресми атауы "Астана" емес, "Нұр-Сұлтан". Вокзал атауын өзгерту жөніндегі қаулыны үкімет 2019 жылдың екінші сәуірінде қабылдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Астана" теміржол вокзалы "Нұр-Сұлтан" болып өзгертілді (фото)

Фото:welcometoastana.kz/astana_typical

Елорда қонақтары теміржол вокзалындағы жаңа жазуды суретке түсіріп алған.

Кириллицамен жазылған "Астана" жазбасының орнында енді латын әліпбиімен жазылған "Нұр-Сұлтан жазуы" пайда болды.

Фото Instagram-дағы astana_typical паблигінде жарияланған.

Вокзал атауын өзгерту туралы қаулы ИИДМ сайтында екінші сәуір күні шыққан. Бүгіннен бастап ол өз күшіне енді.

"Қазақстан Республикасының үкіметі "Астана" теміржол вокзалын "Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы" деп өзгертуді қаулы етеді", - деп жазылды министрлік сайтында.

Сіздің реакцияңыз
24
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel